
Есенжолов Алмаз Ормашұлы
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшысы
Өмірбаян
Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қараменді кентінде 1985 жылы 28 желтоқсанда туған. Ұлты – қазақ.
Екі жоғары білімі және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар: 2009 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2013 жылы М.Дұлатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақстанның халық банкісі» АҚ Қостанай облыстық филиалында менеджер, бөлімше бастығы, аудандық басқарма бастығы ретінде бастады. 2016 жылдан бастап – «Автоклад» ЖШС-же жұмыс істеді. 2017 жылдың ақпанында «Қостанай облысы әкімі аппараты» ММ-не мемлекеттік қызметке орналасты, кейін 2018 жылдың шілде айынан бастап «Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-де бас маман лауазымын атқарды. 2020 жылдың ақпанынан бастап «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де қызмет атқарып жатыр. 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап Басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
