Бимендина Жаухар Айткенқызы

    «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшы орынбасары.

    Бимендина Жаухар Айткенқызы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Бимендина Жаухар Айткенқызы

    «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшы орынбасары.

    Өмірбаян

    Қостанай облысы Қостанай қаласында 1986 жылы 27 мамырда туған. Ұлты – қазақ.

    Жоғары білімі бар. 2013 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген, экономика және бизнес бакалавры.

    Еңбек жолын 2013 жылы «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ-де қаржыландыру, бухгалтерлік және есептілік секторының инспекторы ретінде бастаған, қаржыландыру, бухгалтерлік және есептілік секторы бас маманы лауазымын атқарған. 2014 жылдан бастап 2022 жылы аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бөлімінің бас маманы лауазымын, 2022 жылдың қарашасынан бастап 2026 жылдың наурызы аралығында «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2026 жылдың 10 наурызынан бастап «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшы орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері