Мырзаш Медет Молдашович

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы

    Мырзаш Медет Молдашович
    Руководитель отдела

    Мырзаш Медет Молдашович

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Мырзаш Медет Молдашович – 1983 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін және Еуразия академиясын «экономика», «заңтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Әр жылдары:

    - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әлеуметтік еңбек қатынастары бөлімінің жетекші маманы;

    - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы;

    - Батыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің жетекші маманы;

    - Батыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы;

    - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының консультанты;

    - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметті кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;

    - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметті өткеру және персоналды бағалау бөлімінің бастығы;

    - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімінің басшысы;

    - Батыс Қазақстан облысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы;

    - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы;

    - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы;

    - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы;

    - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;

    - Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

    - 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы лауазымында.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері