
Найзабеков Ербол Галымович
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Найзабеков Ербол Галымович – 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Бухгалтерлік есеп және аудит», «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия.
Әр жылдары:
- Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті қарама- қайшылық, түсіндіру, насихаттау және қызметкерлерді оқыту бөлімі салық инспекторының міндетін атқарушы;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті қарама- қайшылық, түсіндіру, насихаттау және қызметкерлерді оқыту бөлімінің салық инспекторы;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті қарама- қайшылық, түсіндіру, насихаттау және қызметкерлерді оқыту бөлімінің жетекші салық инспекторы;
- ҚР ҚМ Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті қарама-қайшылық, түсіндіру, насихаттау және қызметкерлерді оқыту бөлімінің жетекші салық инспекторы;
- ҚР ҚМ Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің жетекші салық инспекторы;
- ҚР ҚМ Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті ұйымдастыру-бақылау және жалпы жұмыстар бөлімінің бас салық инспекторы;
- ҚР ҚМ Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті ұйымдастыру-бақылау, жалпы жұмыстар және ішкі аудит бөлімінің бас салық инспекторы;
- ҚР ҚМ Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы;
- ҚР ҚМ Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданы бойынша салық басқармасының бастығы;
- ҚР ҚМ Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы бойынша салық басқармасының бастығы;
- ҚР ҚМ Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Казталов ауданы бойынша салық басқармасының бастығы;
- ҚР ҚМ Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Орал қаласы бойынша салық басқармасы жеке кәсіпкерлермен жұмыс бөлімінің бастығы;
- ҚР ҚМ Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Орал қаласы бойынша салық басқармасы әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;
- ҚР ҚМ Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің өндірістік емес төлемдерді және арнайы салық рәсімдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы;
- ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы;
- Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы;
- «Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі аумақтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы;
- 2025 жылдың қараша айынан бастап - «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекттік мекемесі еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бөлім басшысы лауазымында.

