
Батыров Артур Жумагельдиевич
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Батыров Артур Жумагельдиевич – 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін және Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және басқару институтын «тарих», «қаржы» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
- Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Талдыапан ауылдық орта мектебінің мұғалімі;
- Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыру-бақылау және құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы;
- Батыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыру-бақылау және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
- Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы;
- Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің сараптама және еңбек нарығы бөлімінің бастығы;
- Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі бас маманы;
- Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлермен және мүгедектермен жұмыстану бөлімінің басшысы;
- Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің жетекші маманы;
- Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының ақпараттық- талдамалық қамсыздандыру бөлімінің бас маманы;
- Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының ақпараттық- талдамалық қамсыздандыру бөлімінің басшысы;
- Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының ақпараттық-талдамалық бөлімінің басшысы;
- Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының еңбек саласындағы бақылау және талдау бөлімінің басшысы;
- Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы еңбек саласындағы талдау, бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.
- 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы лауазымында.

