Амангельдин Арман Амангельдыұлы

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Амангельдин Арман Амангельдыұлы
    Руководитель аппарата

    Амангельдин Арман Амангельдыұлы

    Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Амангельдин Арман Амангельдыұлы 1992 жылы 4 сәуiрде дүниеге келген.

    2014 жылы Алматы технологиялық университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, 2016 жылы «МИСиС» Мәскеу ұлттық зерттеу технологиялық университетін «электроника және наноэлектроника» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2017 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Технологиялық және инновациялық даму департаменті инновациялық белсенділікті ынталандыру басқармасының сарапшысы болып бастаған.

    2018 жылдың тамыз айынан бастап Астана қаласында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Активтерді басқару департаменті Ұлттық басқарушы холдингпен жұмыс жүргізу басқармасының бас сарапшысы.

    2019 жылдың маусым айынан бастап Астана қаласында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаменті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы.

    2022 жылдың қаңтар айынан бастап Астана қаласында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі министрінің хатшылығының кеңесшісі.

    2023 жылдың қазан айында Алматы қаласы әкімі аппараты аумақтық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалған.

    2025 жылдың наурызынан бастап – Алматы қаласы әкімі аппараты қалалық инфрақұрылым және тұрақты даму бөлімінің басшысы.

    2026 жылғы 9 сәуірден бастап Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы.

    Аймақтық кадрлық резервтің құрамында бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері