Жақыпов Арсен Абзалұлы

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы

    Заместитель руководителя

    Жақыпов Арсен Абзалұлы

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы

    Өмірбаян

    1993 жылы 4 маусымда дүниеге келген. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Йорк университетін (Ұлыбритания) бітірген. Сондай-ақ, DBB академиясында (Германия, Берлин қ.), сонымен қатар Мұхаммед ибн Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде (БАӘ, Дубай қ.) шетелдік тағылымдамадан өтті.

    Еңбек жолын Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы (заңгері) болып бастады.

    2015 жылдан 2016 жылға дейін Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің сәулет-жоспарлау секторының жетекші маманы, Нарынқол ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.

    2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының жетекші маманы.

    2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.

    2019 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының бас сарапшысы.

    2020 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің қоғамдық қатысу және ашықтық қағидаттарын мемлекеттік органдарда дамыту басқармасының басшысы.

    2022 жылдан 2023 жылға дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Павлодар облысы бойынша өкілі.

    2023 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері