Байсалов Мұрат Сейлбекұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс-Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

    Байсалов Мұрат Сейлбекұлы
    Руководитель

    Байсалов Мұрат Сейлбекұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс-Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

    Өмірбаян

    Мұрат Байсалов 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болып табылатын Мұрат Байсаловтың мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 11 жылдан асады. Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Кадрлық қамтамасыз ету департаментінің Мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының бас сарапшысы болып бастаған. Департамент басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппараты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау мәселелері жөніндегі басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

    ЕҢБЕК ЖОЛЫ

    18.03.2011-28.10.2011 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлеткеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының бас сарапшысы, Астана қ.;

    28.10.2011- 16.07.2012- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Инспекция және тәртіптік бақылау басқармасының бас сарапшысы, Астана қ.;

    16.07.2012-17.11.2014- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Инспекция және бақылау бөлімінің мемлекеттік қызметтерді бағалау және бақылау секторының бас сарапшысы, Астана қ.;

    17.11.2014-13.01.2016- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаментінің Тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас консультанты, Астана қ.;

    13.01.2016-19.10.2016- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Мемлекеттік қызмет көрсету департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау басқармасының басшысы, Астана қ.;

    19.10.2016-02.08.2019- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызметтер департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау басқармасының басқарама басшысы, Астана қ.;

    02.08.2019-17.03.2020- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметтер департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау басқармасының басқарама басшысы, Нұр-Сұлтан қ.;

    17.03.2020-05.06.2022- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қ.;

    06.06.2022-14.06.2022- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қ.;

    15.06.2022 қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңестің төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері