
Мухаметжанова Лира Казбеккызы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Өмірбаян
Мұхаметжанова Лира Қазбекқызы 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Туған күні: 04.03.1977 ж.
Туған жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы.
Тілдік дағдылар:
қазақ (ана)
орыс (еркін)
Білімі, мамандығы (біліктілігі): Жоғары. Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген.
Мамандығы: тарих.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
-Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «2019 жылғы оқу жетістіктерін жоғары сапалы сыртқы бағалауға белсенді қатысқаны үшін» алғысы, Нұр-Сұлтан 2019 ж.
Еңбек жолын 1998 жылы Зайсан ауданында тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1998-2010 жылдары Зайсан ауданындағы мектептерде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
2010-2011 жылдар аралығында «Зайсан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарды.
2011 – 2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы «Зайсан қаласы әкімінің аппараты» ММ ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2012-2022 жылдар аралығында ШҚО Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
03.04.2023 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 27 орта мектеп» КММ директоры қызметін атқарып келеді.




