
Мақашев Болат Станұлы
Қаражота ауылдық округі әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Мақашев Болат Станұлы 1968 жылы 29 маусымда Алматы облысы Шелек ауданы Қаражота ауылында дүниеге келген. 1975 – 1985 жж. аралығында Алматы облысы Шелек ауылында, В. И. Ленин атындағы орта мектепте білім алған. 1987 – 1989 жж. СССР Қарулы Күштері қатарында қызмет еткен. 1986 жылы Алматы ЗОО-ветеринариялық институна түсіп, аталған институтты 1993жылы ветеринария мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын;
- 1993 – 1995жж. Қаражота ауылы «Қызыл – Жиде» қой совхозында ветеринариялық дәрігер болып бастаған.
- 1995 – 1996 жж. Ветеринар – дәрігер, Фермерлік шаруашылық, Түрген селосы Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.
- 1996 – 2003 жж. Төраға, «Ошан» шаруа қожалығы, Қаражота селосы Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.
- 2003 – 2004 жж. Ветеринар – инспектор, Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық басқармасының Шелек селосы базары, Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.
- 2004 – 2010 жж. Жетекші маман, Қорам және Қазақстан селолық округі Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық басқармасы, Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.
- 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін Әкім орынбасары, «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Қаражота ауылы Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.




