
Өмірбаян
1963 жылы 11 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданы Кіші Жалаңаш ауылында дүниеге келген.
1985 жылы Талғар ауылшаруашылық техникумын бітірген. Мамандығы агроном.
2004 жылы Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық Университетін бітірген. Мамандығы заңгер.
Мансап
Еңбек жолын 1980 жылы Шелек ауданы Сарыбұлақ мал бордақылау совхозында құрылыс шебері болып бастаған. 1982-1984 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет етті. 1984-1986 жылдары Сарыбұлақ мал бордақылау бөлімінде құрылыс шебері. 1988 - 1994 жылдары Халық Депуттары Қарабұлақ селолық Советінің атқару комитетінде есепші - кассирі. 1994 - 2001 жылдары Қарабұлақ селолық советінде хатшы.2001 -2015 жылдары Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 2015 - 2018 жылдары Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі.
2018 жылдың наурыз айынан– Кеген ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі.




