Макиев Аян Мұратұлы

    Глубокое ауданы әкімінің орынбасары

    Макиев Аян Мұратұлы
    Заместитель акима

    Макиев Аян Мұратұлы

    Глубокое ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Аян Мұратұлы аудан әкімінің орынбасары міндетін 2023 жылғы 17 қазаннан бастап атқарады, ұлты қазақ, 3 жоғары білімі бар.

    А.М. Макиев 1987 жылдың 04 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында туған. 2009 жылы «тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін аяқтаған, 2012 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін және Алматы қ. Халықаралық бизнес университетін аяқтап «профильді бағыттағы мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алған.

    Еңбек қызметін 2007 жылы Өскемен қ. «Данал» ЖШС қаржы-экономикалық мәселелер бойынша директордың орынбасары болып бастады. 2010 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың қарашасына дейін Өскемен қ. кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының дамыту және қазақстандық құрам мониторингі жөніндегі бас маман; 2010-2011 жж. «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі, Шығыс Қазақстан облысы; 2011-2013 жж. «Ертіс» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының көмекшісі, Өскемен қ.; 2013 жылдың мамыры - 2013 жылдың шілдесі «Ертіс» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ инвестициялар департаментінің активтерді басқару бөлімінің бас менеджері; 2013-2014 жж. «КGC metal» ЖШС директорының орынбасары, Өскемен қ.; 2014-2015жж. «Алтай» Шығыс Қазақстан өңірлік технопаркі» ЖШС директорының орынбасары, Өскемен қ.; 2015 ж. маусым - 2015 ж. қыркүйек «КGC metal» ЖШС коммерция бойынша директордың орынбасары, Өскемен қ.; 2015-2019ж. Глубокое ауданы әкімі аппаратының басшысы; 2019-2020ж. «Урпак-А» ЖШС жедел әрекет ету тобының басшысы; 2020ж. «URPAQ-VIP» қауіпсіздік агенттігі» ЖШС заң және кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, 2022ж «Абай облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру жұмысы және бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы; 2023ж Бесқарағай ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы.

    2023 жылғы 17 қазанда Глубокое ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері