
Литвиненко Евгения Николаевна
Глубокое ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Е. Литвиненко 2023 жылғы 01 қыркүйектен бастап әкімнің орынбасары, ұлты орыс, білімі жоғары.
Е. Литвиненко 1991 жылғы 07 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное а. туған. 2014 жылы Қазақстан Америка еркін университетін «қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек қызметін «Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ инспекторы лауазымында бастады (2011-2014); «Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы (2014-2015); «Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының орынбасары (2015-2020); Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы (2020-2023).
2023 жылғы 01 қыркүйектен бастап Глубокое ауданы әкімінің орынбасары.



