
Ебелекова Жанар Қалиқызы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бюджеттік бағдарламалармен жұмыс бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ебелекова Жанар Қалиқызы 10 қаңтар 1978 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Талдыарал қыстағында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Орта Азиялық университеттің «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы ЖШС «Парасат» мектебінде күтуші ретінде бастаған;
2000 ж. - облыстық мәдениет басқармасында машинистка;
2000 - 2004 ж. - облыстық мәдениет басқармасында есепші;
2004 - 2008 ж. - Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасында бас есепші;
2008 - 2022 ж. - Қызылорда облысының мәдениет басқармасының экономикалық жоспарлау, есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы;
27.05.2022 - 13.06.2023 ж. - Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бағдарламалармен жұмыс бөлімінің бас маманы;
13.06.2023 - 13.02.2024 ж. - Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының мемлекеттік- жекешелік әріптестік және бағдарламалармен жұмыс бөлімінің басшысы;
2024 жылғы 13 ақпанынан бастап Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бюджеттік бағдарламалармен жұмыс бөлімінің басшысы.





