
Садуақасова Гүлжан Мәмуқызы
Тарихи-мәдени мұра және креативті индустриялар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Садуақасова Гүлжан Мәмуқызы, 1980 жылы 13 тамызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты елдімекенінде дүниеге келді. Білімі – жоғары. 2001 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих, қосымша мұрағат ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001-2003 жылдары Жалағаш ауданы № 33 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған;
2003 ж. - Қазақ мемлекеттік Заң университеті жанындағы Қызылорда Заң колледжінде педагог-психолог;
2003-2008 ж. - Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде жетекші маман;
2008-2023 ж. - Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында бас маман;
03.05.2023 - 13.02.2024 ж. - Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының ақпараттық мониторинг бөлімінің басшысы.
13.02.2024 - 20.03.2026 ж. - Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының негізгі қызметтерді үйлестіру және мониторинг бөлімінің басшысы;
2026 жылғы 20 наурыздан бастап Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени мұра және креативті индустриялар бөлімінің басшысы.





