Абишев Шота Батырбекович

    Жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы

    Абишев Шота Батырбекович
    Руководитель отдела

    Абишев Шота Батырбекович

    Жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Әбішев Шота Батырбекұлы, 1969 жылы Қостанай облысы Жітіқара қаласында дүниеге келген.
    1994 жылы Рудный индустриалды институтын тау-кен ісі мамандығы бойынша бітірді.
    2001 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1993 жылы геологиялық барлау партиясының бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі болып бастаған.
    1994 жылдың соңынан 2003 жылға дейін Қостанай облысының құқық қорғау органдарында жұмыс істеді.
    2003-2006 жылдары материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің жетекші инженері, содан кейін Қостанай облыстық телекоммуникациялар дирекциясының пайдалану-шаруашылық қамтамасыз ету орталығының бастығы болып жұмыс істеді.
    2006 жылдан 2018 жылдың наурызына дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді және кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
    2018 жылдың сәуірінен 2023 жылдың қыркүйегіне дейін «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
    2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
    2025 жылғы 11 қыркүйекте Басқарма басшысының бұйрығымен «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
    Мемлекеттік қызмет өтілі шамамен 17 жылды құрайды.
    Үйленген. Екі кәмелетке толған баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері