Әлсүпова Ажаргүл Айдарбекқызы

    Туризм және лицензиялау бөлімінің басшысы

    Әлсүпова Ажаргүл Айдарбекқызы
    Руководитель отдела

    Әлсүпова Ажаргүл Айдарбекқызы

    Туризм және лицензиялау бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Қостанай облысы Жітіқара ауданының Шевченковка ауылында 1982 жылы 04 қазанда дүниеге келген. Құқықтану мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2006 жылы мемлекеттік қызметте бастаған.

    Мемлекеттік қызмет өтілі 16 жылдан асады. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда және туристік қызмет бөлімінің, сауда бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеген, 2010 жылғы мамыр айынан бастап лицензиялау және жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы, кейін сауда, лицензиялау және жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы, ал 2018 жылғы желтоқсан айында Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының жергілікті қамту және құрылыс материалдары бөлімінің басшысы болып тағайындалған.

    2019 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Басқарманың туризм және лицензиялау бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері