
Ермекбаев Қанат Жундибаевич
Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшының орынбасары
Өмірбаян
1978 жылғы 1 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Білімі: 1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, «қаржы және несие» мамандығы бойынша экономист. 2007 ж. – Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, «құқықтану» мамандығы бойынша заңгер.
Еңбек қызметі:
1999-2000 жж. – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитеті салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жеке тұлғалармен жұмыс секторының салық инспекторы;
2000-2001 жж. – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитеті өндірістік емес төлемдер бөлімінің салық инспекторы;
2001 ж. – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті салық төлеушілерді әкімшілендіру бөлімінің салық инспекторы;
2001-2002 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті салық төлеушілерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы — жетекші салық инспекторы;
2002-2004 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті акциздерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы — жетекші салық инспекторы;
2004-2005 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті Акциздер басқармасы акциздерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы;
2005-2007 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті өндірістік емес төлемдер бөлімінің бастығы;
2007-2008 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті Акциздер басқармасы акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымын бақылау бөлімінің бастығы;
2008-2009 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті Акциздер басқармасының бастығы;
2009-2010 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Акциздерді әкімшілендіру басқармасы мұнай өнімдерінің айналымын әкімшілендіру және бақылау бөлімінің бастығы;
2010 ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасы жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бастығы;
2011 ж. – Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау бөлімінің бас маманы — бас бухгалтер міндетін атқарушы;
2011 ж. – Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау бөлімінің бас маманы — бас бухгалтер;
2011 ж. – Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің бастығы;
2011-2012 жж. – Астана қаласы бойынша Салық департаменті өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы;
2012 ж. – Алматы қаласы «Вокзал-Сервис» АҚ «Алматы-2» вокзалының бастығы;
2012 ж. – Алматы қаласы «Вокзал-Сервис» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы;
2012-2013 жж. – Алматы қаласы «Вокзал-Сервис» АҚ «Алматы-2» вокзалының бастығы;
2013-2014 жж. – Алматы облысы Іле ауданы бойынша Салық басқармасы жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы міндетін атқарушы;
2014 ж. – Алматы облысы Іле ауданы бойынша Салық басқармасы жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2014 ж. – Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары;
2014-2015 жж. – Астана қаласы Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің бас маманы;
2015 ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2015-2017 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы;
2017-2018 жж. – уақытша жұмыс істемеді;
2018-2021 жж. – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Психикалық сауықтыру орталығы» заң кеңесшісі;
2021 ж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Берешектермен жұмыс басқармасы оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы міндетін атқарушы;
2021-2022 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Берешектермен жұмыс басқармасы оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы;
2022-2023 жж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.





