
Бисембин Жұлдызбек Темірбекұлы
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Ж.Т.БИСЕМБИН 1979 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер біліктілігі бойынша, Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер біліктілігі бойынша аяқтаған.
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бас маманы, «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы, «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, «Ақбұлақ» АҚ вице-президенті, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, "Адал құрылыс Ақтөбе" ЖШС директорының орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау қаласының әкімі болып қызмет атқарды.
2023 жылғы 8 тамыздан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.



