
Өмірбаян
Бекет Азамат Бауыржанұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану, Экономика және құқық Академиясын қаржы мамандығы бойынша аяқтаған.
2016-2018 жылдар аралығында Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2018-2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2020-2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2021-2023 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі қызметін атқарды.
2023 жылғы 26 маусымнан бастап Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды.



