
Заместитель прокурора
Райымбеков Айдос Бекбайұлы
Астана қаласы "Нұра" ауданы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
А.Б. Райымбеков 1994 жылы 1 тамызда Қызылорда облысында дүниеге келген.
ҚАЗМҚУ университетін «Құқықтану» мамандығы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2018 жылы бастап, әртүрлі уақытта Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, аға прокуроры, Қызылорданың облысы Сырдария ауданы прокуратурасының аға прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры, Астана қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісінің қызметтерін атқарған.





