
Өмірбаян
Жетписбаева Алтын Имантайқызы 1972 жылы 25 тамызда Қарағанды облысы Ульянов ауданындағы Қ.Бабаев атындағы ауылында дүниеге келді. 1991-1989 жылдары Қарағанды облысы Ульянов ауданы Қ.Бабаев атындағы Үміткер орта мектебінде оқыды.
Мектепті бітіргеннен кейін 1991-1992 жылдар аралығында №22 байланыс техникумында байланыс операторы мамандығы бойынша оқыды. 2005-2007 жылдар аралығында Талап колледжінің сырттай бөлімінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. 2007-2010 жылдар аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша сырттай бөлімінде оқыды.
2005 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың қыркүйегіне дейін «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Садовый ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде маман болып жұмыс атқарды.
2015 жылғы 11 желтоқсаннан бастап «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес Қарағанды облысы Осакаров ауданы Садовый ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 11-тармағына сәйкес 2020 жылғы 27 наурыздан бастап Садовый ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Тұрмыста. 3 бала тәрбиелеп отыр.





