
Өмірбаян
Чалгинбеков Бахытбек Жумабаевич 1982 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылдық округіне қарасты Шыбышы ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары.
2008 жыл - Қазақ ұлттық аграрлық университетін "Жер ресурстарын басқару және жер үлестіру" мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Алматы Жер ҒОО ЕМК" Райымбек жер кадастрлық филиалының технигі болып бастаған.
2014-2018 жылдар аралығында Райымбек ауданы "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы болған.
2018-2021 жылдар аралығында Кеген ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы болған.
2022 жылдан Кеген ауданының "Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы болған.
2023 жылдың 13 шілдесінен бастап Кеген ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.




