Нусупкулов Асет Кенесбекулы

    Руководитель Департамента государственного имущества и приватизации г. Алматы Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан

    Нусупкулов Асет Кенесбекулы
    Руководитель

    Нусупкулов Асет Кенесбекулы

    Руководитель Департамента государственного имущества и приватизации г. Алматы Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан

    Өмірбаян

    1982 жылы 9 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2010 жылы академик Жолдасбеков атындағы институтын бітірген.

    Еңбек жолын 2004 жылы жеке еңбек шарты бойынша «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ маркетинг департаментінің аға маманынан бастады. 2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2011 жылғы қазаннан бастап 2012 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің бас сарапшысы, 2012 жылғы сәуірден бастап 2013 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, 2013 жылғы қаңтардан бастап 2017 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсенің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас консультанты, 2017 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Персоналды басқару және стратегия департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

    «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелгісімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері