Манзоров Әділжан Нұрымұлы

    Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының орынбасары

    Манзоров Әділжан Нұрымұлы
    Басшының орынбасары

    Манзоров Әділжан Нұрымұлы

    Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1992 жылғы 5 маусымда Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Білімі: 2015 ж. – Д. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университеті, «қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры. 2022 ж. – Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, «құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалавры.

    Еңбек қызметі:

    2014-2015 жж. – «Нұр-Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының программисті;

    2015-2016 жж. – «Айсер» ЖШС администраторы;

    2016 ж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы міндетін уақытша атқарушы;

    2016-2017 жж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы;

    2017-2018 жж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;

    2018-2019 жж. – Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы;

    2019-2021 жж. – Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы;

    2021 ж. – Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді және жеке тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы;

    2021-2022 жж. – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;

    2022-2023 жж. – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;

    2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері