
Құлбаев Ербол Сәрсенбекұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің бастығы
Өмірбаян
Туған күні: 04.07.1986
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Қазақ мемлекеттік заң университетінің Алматы Заң Академиясы (Құқықтану), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қаржы), Логистика және көлік академиясы (көлікті пайдалану, және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру).
Ербол Құлбаев еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының бас маманы қызметінен бастады.
Одан әрі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармалары бөлімдерінің прокуроры (2010-2012);
Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі (2012-2014);
Алматы облысы прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры (2014-2015);
Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі (2016);
Алматы облысы Іле ауданы прокурорының орынбасары (2016-2017);
Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары (2017-2018);
Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокуратурасының бөлім бастығы (2018-2021);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары (2021-2023);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің бастығы (2023 жылғы 5 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін).





