
Қожамқұлов Мұрат Төлегенұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы
Өмірбаян
Туған жылы: 26.01.1975
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ( құқықтану).
Еңбек жолын құқық қорғау органдарында 1996 жылдан Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитеті бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастаған.
Әр жылдары ҚР ІІМ-нің Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде, Қостанай Әскери-тергеу басқармаларында және Тергеу комитетінде басшылық қызметтерін атқарды.
2013 жылдан бастап қызметін прокуратура органдарында жалғастырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департаменті басқармасының аға прокуроры болды. Бас Прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі, Бас прокуратура департаментінің басқарма бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2023 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы болып тағайындалды.





