
Ерназаров Манарбек Мақсұтбекұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әскери департаментінің бастығы
Өмірбаян
Туған жылы: 03.09.1982
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
«Қазақ гуманитарлық заң университеті» ААҚ, Қазақ гуманитарлық заң университеті (құқықтану, қаржы).
Еңбек жолын 2003 жылы Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры болып бастады.
Қызылорда облысы прокуратурасында – Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, облыстық прокуратура басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, облыс прокурорының көмекшісі, облыстық прокуратура басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.
Одан кейін С.Есқараев атындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы институтының аға ғылыми қызметкері (аға прокурор), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі болды.
Сырдария ауданының, сондай-ақ Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының прокуроры лауазымында болды.
Астана қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының Кеңесшілер тобының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі Бас Прокурордың аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.
2019-2024 жылдар кезеңінде Бас көлік прокурорының орынбасары болды.
2024 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери департаменті бастығы болып тағайындалды.

