
Арап Абай Сейдірұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы
Өмірбаян
Туған жылы: 19.05.1976
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы
Қостанай заң институты, мамандығы – құқықтану.
Еңбек жолын 1997 жылы Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасының анықтаушысы қызметінен бастаған. Әр уақытта тергеуші, аға тергеуші лауазымдарын, сондай-ақ Астана қаласы Ішкі істер департаментінің басшылық лауазымдарын атқарған.
2009 жылдан бастап прокуратура органдарында қызметін жалғастырды. Астана қаласы прокуратурасы Сарыарқа ауданы прокурорының орынбасары, Астана қаласы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды.
Одан кейін 2018 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
2018 жылдан 2023 жылға дейін Алматы облысы және Алматы қаласы Әділет департаменттерінің басшысы болды.
2023 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы болып тағайындалды.





