
Бағдатұлы Азамат
Ұйымдастыру-қаржы басқармасы
Өмірбаян
1992 жылғы 17 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі: 2014 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, экономика және бизнес бакалавры. 2016 ж. – Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, «құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалавры.
Еңбек қызметі:
2015-2016 жж. – Астана қаласындағы «INKAR» ЖШС бюджеттік құрылыс бөлімінің қаржылық аналитигі;
2016 ж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы;
2016-2018 жж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы;
2018-2020 жж. – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;
2020-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаменті Қашықтықтан мониторингтеу басқармасының бас сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы;
2022-2023 жж. – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
2023-2025 жж. – Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
2025 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы.





