
Өмірбаян
1976 жылы 03 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында туылған.
2005 жылы, Қайнар университетінде педагогика және психология мамандығы бойынша оқуын бітірген;
Еңбек жолын 1995 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің, бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
1995-2002 жылдары Қаратау қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің, бастауыш сынып мұғалімі;
2002-2003 жылдары Қаратау қаласындағы мектеп-лицейдің, бастауыш сынып мұғалімі;
2003-2006 жылдары Қаратау қаласындағы мектеп-лицей директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;
2006-2007 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанындағы көп салалы колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;
2007-2008 жылдары «Казтранссервис» АҚ-ның кеңсе басшысы;
2008-2011 жылдары «Казтранссервис» АҚ-ның ұйымдастыру құқықтық қамтамасыз ету және кадр бөлімі бастығының орынбасары;
2012-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы;
2013-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы;
2015-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы;
2019-2023 жылдың 29 қаңтарына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған;



