
Өмірбаян
1996 жылы Алматы қаласындағы қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің «Зоотехния», 2003 жылы Мемлекеттік Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Экономист-қаржыгер» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1986 жылы Жамбыл ауданы Өрнек ауылындағы бұрынғы Н.К.Крупская атындағы колхозда зоотехник болып бастаған.
1986-1997 жылдары Крупская атындағы колхозда жылқы, қой фермалары меңгерушісі, бас зоотехник, 1997-2001 жылдары «Қожагелді» өндірістік кооперативінде бас экономист, 2001-2002 жылдары «Саза батыр» өндірістік кооперативінде жабдықтаушы орынбасары, 2002-2010 жылдары Өрнек ауылдық округінің әкімі, 2010-2012 жылдары «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2012-2016 жылдары аудан әкімінің аппарат басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.
2016 - 2022 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2022 жылдың 22 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданының әкімі.
Отбасылы, 5 қыз өсіріп, тәрбиелеуде.



