
Өмірбаян
Несіпбеков Нұрлан Күдербайұлы 1964 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1986 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институның «Құрылыс инженері», 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университетінде «Экономист» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1986 жылы 92797 әскери бөлімшесінде учаске шебері болып бастаған. 1989-1990 жылдары «Сантехизделий» Шымкент зауытында жұмысшы, 1990-1991 жылдары Ақсу құрылыс материалдар комбинатында инженер-технолог, 1991-1992 жылдары Жамбыл аудандық орталық ауруханада бас дәрігердің шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, 1992-1996 жылдары Жамбыл коммуналдық кәсіпорындар комбинатында прораб, 1996-1998 жылдары «Водоканал» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында шебер, бас инженер, 1998-1999 жылдары Жамбыл аудандық жұмыспен қамту-еңбек биржасы орталығында директор, 1999-2005 жылдары Жамбыл ауданы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, 2005-2012 жылдары Жамбыл ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, 2012 жылдың 13 ақпанынан бүгінгі күнге дейін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Отбасылы – 3 қыз, 1 ұл өсіріп, тәрбиелеуде



