
Сапаев Ерлан Талғатұлы
Астана қаласы "Нұра" ауданының прокуроры
Өмірбаян
Ерлан Талғатұлы Сапаев 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
2007 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген
2009 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасына қызметке түсіп, Хромтау ауданы прокурорының көмекшісі болып тағайындалды.
Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры және аға прокуроры, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры, аға прокуроры, Бас көлік прокуратурасы Жетісу көлік прокуратурасының прокуроры, Бас көлік прокуратурасының Басқарма прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры лауазымдарын атқарды.
2026 жылдың маусымынан - Астана қаласы Нұра ауданының прокуроры.





