
Қабдрахманова Сымбат Едігеқызы
Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №14 сайлау округі депутаты
Өмірбаян
Қабдрахманова Сымбат Едігеқызы - 1981 жылы 10 наурызда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба селосында дүниеге келген. Ұлты -қазақ.
Білімі - жоғары. 2001 жылы Қ. Дүтбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжін бітірген. Мамандығы –бастауыш класс оқыту, информатика пәнімұғалімі.
2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы университеті бітірген. Мамандығы-информатик.
Еңбек жолын 2001 жылы №4 М.Әуезов атындағы мектепте информатика пәні мұғалімі болып бастаған.
2005-2018 жылдары №4 М.Әуезов атындағы мектепте тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған.
2018 жылдан бастап мектеп директоры қызметін атқарып келеді.
«Amanat» партиясының мүшесі.
Жылыой аудандық мәслихатының 8 шақырылымының депутаты.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.




