
Амандықов Әлібек Аманжанұлы
Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №10 сайлау округі депутаты
Өмірбаян
Амандықов Әлібек Аманжанұлы - 1993 жылы 21 маусымда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі жоғары. 2015 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – инженер-механик.
2019 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірген. Мамандығы – заңгер.
Еңбек жолын 2011 жылы Ақтөбе қаласындағы «Қазақстан студенттер Альянсы» филиалында бастаған.
2013-2015 жылдары «Достар Алаңы» қоғамдық бірлестігінің орынбасары, 2015-2023 жылдары аудандық «Кең Жылыой» мәдениет үйінде «Жастармен және балалармен жұмыс» бөлімінің меңгерушісі, 2023-2025 жылдары аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы қызметтерін атқарған.
2025 жылдан бастап "Ken Jylyoi" газетінің бас редакторы болып қызмет атқарады.
Жылыой аудандық мәслихатының 8 шақырылымының депутаты.
"Ауыл" партиясының мүшесі.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.




