
Асылбеков Ерлан Асылбекұлы
Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №5 сайлау округі депутаты
Өмірбаян
Асылбеков Ерлан Асылбекұлы - 1984 жылы 31 наурызда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген.
Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2006 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген,мамандығы - инженер.
Еңбек жолын 2007 жылы «ПФД «Интернешнл» ЖШС-да құжаттарды тексеру бөлімінде маман болып бастаған. 2009-2017 жылдар аралығында «Ер-Инженеринг» ЖШС-нда маман, 2017-2020 жылдар аралығында «Мако» ЖШС-да техник маманы болып қызмет атқарған.
2020 жылдың 21 қыркүйегінен бері жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
«Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі.
Жылыой аудандық мәслихатының 7,8 шақырылымының депутаты.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.




