
Есенияз Анарбек Есенияз Анарбек
Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №6 сайлау округі депутаты
Өмірбаян
Есенияз Анарбек - 1986 жылы 24 қарашада Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі-жоғары.
2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің көп салалы колледжін бітірген. Мамандығы – мұнай және газды қайта өңдеу операторы.
2013 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы - органикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавры.
Еңбек жолын 2006 жылы Теңіз қалашығында «Казкомсервис» ЖШС-нде 3-ші разрядтағы электрик қызметінен бастаған.
2007-2010 жылдар аралығында Қарабатанда «Мейір» ЖШС-де сапаны қадағалау инспекторы, 2010-2012 жылдар аралығында Қарабатанда «ССС» ЖШС-нде нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімің координаторы, 2012-2013 жылдар аралығында Теңіз қалашығында «Хемимонтаж» ЖШС мекемесінде құбырлардың сапасын қадағалау инженері, 2013-2014 жылдар аралығында Теңіз қалашығында «Алмас-Семсер» ЖШС-нде нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің координаторы, 2014-2018 жылдары «Фиркрофт» ЖШС-нде екінші буын зауытын оңтайландыру, өнімділікпен сыйымдылықты арттыру жобасында НҚҚ бөлімінің жетекші, 2018-2020 жылдары «Фиркрофт» ЖШС-нде «ПБР/ПУУД» 3-ші буын зауытында нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің іске қосу және пайдалану жетекшісі қызметтерін атқарған.
2020 жылдан бастап «СтамГазСтрой» ЖШС-нде «ПБР/ПУУД» шикі газды айдау жобасында нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің іске қосу және пайдалану координаторы қызметін атқарып келеді.
«Amanat» партиясының мүшесі.
Жылыой аудандық мәслихатының 8 шақырылымының депутаты.
Отбасылы.




