
Өмірбаян
Қобланова Марал Бектемірқызы 1989 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы К. Маркс ауылында дүниеге келген.
1995-2006 жылдары Жамбыл ауданы Аса ауылы Ю.А.Гагарин атындағы орта мектепте білім алған.
2006-2010 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің “Экономика және бизнес” факультетінің “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Тұрмыстамын. 3 қызы тәрбиелеуде.
Еңбек жолы: 2010 жылы Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жастар тәжірибесінен бастаған.
2011-2018 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің іс-жүргізу инспекторы болып жұмыс жасаған.
2018-2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің статисті болып жұмыс жасаған.
25.05.2023 жылдан бастап Жамбыл аудандық мәслихат аппаратының құқықтық және іс-жүргізу бөлімшесінің бас маманы болып жұмысқа қабылдандым.




