
Өмірбаян
Шайдаев Мұхтар Бекзатұлы 1966 жылы 25 шілде айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Қаракемер совхозында дүниеге келген. 1984 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтына түсіп, осы жоғарғы оқу орынды 1991 жылы «Зооинженер» мамандығы бойынша білім алып шыққан. 1984-1986 жылдары совет армиясы қатарында әскери борышымды өтеген. Үйленген 1 ұл, 5 қыз тәрбиелеуде.
1991-1992 жылдары Жамбыл ауданы «Қаракемер» совхозында жұымшы болып қабылданған. 1992-1994 жылдары Жамбыл ауданы «Қаракемер» совхозында ферма меңгерушісі болып қызмет жасаған.
1994-1998 жылдары Жамбыл ауданы «Жасөркен» жеміс-жидек совхозында бас зоотекник болып жұмыс атқарған. 1998 жылы Жамбыл ауданы «Қаракемер» өндірістік кооперетивінің төрағасы болып жұмыс атқарған.
1998-1999 жылдары Жамбыл ауданы «Қара-кемер1» шаруа қожалығының басшысы болған. 1999-2004 жылдары Жамбыл ауданы «Қара-кемер1» өндірістік кооперетивінің төрағасы болып жұмыс атқарған.
2004-2012 жылдары Жамбыл ауданы «Ақниет» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарған. 2012 жылы Көлқайнар ауылдық округінің әкімі міндетін уақытша атқарған. 2012-2017 жылдары Көлқайнар ауылдық округінің әкімі болған. 2017-2018 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінде статист маманы болған.
2018-2022 жылдары Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған. 1999-2007 жылдары Жамбыл ауданының ІІ-ІІІ шақырылымының мәслихат депутаты болған. Жоғары оқу орында оқып жүріп әскери кафедрадан 03.08.1994 жылы ҚР Қорғаныс минстрінің бұйрығымен аға лейтенат әскери шенін алған. 16. 02.2001 жылы ҚР Қорғаныс минстрінің №8 бұйрығымен капитан әскери шенін алған. 30.03.2022 жылы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы болып жұмыс атқарған. 30.05.2022 жыл Жамбыл аудандық мәслихат аппарат басшысы қызметін атқарған. 30.03.2023 жыл Жамбыл аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келеді.




