
Өмірбаян
Абдуалиева Дәнегүл Тоқбергенқызы 1962 жылы 11 мамыр айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келген.
1969-1979 жылдар аралығында Аса ауылының Жеңістің 30 жылдық атындағы орта мектебін бітірген.
Білімі жоғарғы Тараз институты «экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Тұрмыста 1 ұл.
Еңбек жолы; 1982-1983 жылдар аралығында «Аса суландыру жүйесі» басқармасында аға есепші болған.
1983-1985 жылдары «Жамбыл аудандық РИВС-і басқармасында экономист болып қызмет атқарған.
1985-1997 жылдары Жамбыл аудандық сақтандыру инспекциясында» экономист болған.
1997 жылдан қазіргі уақыт аралығында «Жамбыл аудандық мәслихат аппаратында құқықтық және іс жүргізу» бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарады.




