
Османбеков Ерлан Тұрарбекұлы
Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Османбеков Ерлан Тұрарбекұлы 1980 жылы дүниеге келген, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің агроном, жүйетехника – инженері мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 09.03.2004 жылдан Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының №21 кәсіптік мектепте өндірістік оқыту шебері болып бастаған. 01.09.2004 жылдан 16.06.2006 жылдар аралығында №21 кәсіптік мектепте информатика мұғалімі болып жұмыс істеген. 16.06.2006-05.09.2008 жылдары Ақсу ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы қызметінде, 05.09.2008-16.03.2008 жылдары Ақсу ауданы әкімінің көмекшісі, 07.10.2008-16.03.2009 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама бөлімінің сарапшысы, 24.03.2009-20.09.2011 жылдары №13 кәсіптік лицей директорының коммерциялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, 06.02.2012-20.12.2013 жылдары Талдықорған қала әкімі аппаратының бас инженері, 23.12.2013-12.06.2016 жылдары Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 13.06.2016-18.04.2017 жылдары Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің басшысы, 01.06.2017-13.11.2017 жылдары Алматы облысы кәсіпкерлік палатасының 2 санаты бойынша сарапшы, 14.11.2017-17.07.2018 жылдар Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы тұқым шаруашылығы бөлімінің маманы, 18.07.2018-16.09.2019 жылдары Алматы облысының жер қатынастары басқармасы жер кадастры бөлімінің маманы, 17.09.2019-18.02.2021 жылдары Алматы облысының жер қатынастары басқармасы жер кадастры бөлімінің басшысы, 19.02.2021-31.12.2021 жылдары Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің басшысы, 01.01.2022-01.09.2022 жылдары «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егін және тұқым шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 02.09.2022-29.11.2022 жылдары «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егін және тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы, 05.12.2022-02.03.2023 жылдары «BNK Group Ltd» ЖШС-ның егін шаруашылығы бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.


