
Қуатбеков Данияр Мәжитұлы
Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы және бухгалтерлік есеп бөлімшесінің басшысы
Өмірбаян
Қуатбеков Данияр Мәжитұлы 1994 жылы 13 мамырда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген.
2001-2012 жылдары Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылындағы Жұрымбек Сыдықов атындағы орта мектебінде оқыды.
01.09.2012 – 01.06.2016 жылдары Талдықорған қаласының Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясында Құқықтану мамандығы бойынша білім алды.
01.10.2016 және 01.10.2017 жыл Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "27 943 әскери бөлімі". 1 батальон, 2 рота, пулеметші лауазымы, әскери атағы - қатардағы жауынгер
15.02.2018 – 20.07.2018 "Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"мемлекеттік мекемесінің инспекторы.
20.07.2018-30.10.2018 Ақсу ауданы "Қарашілік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маман салық инспекторының міндетін атқарушы.
30.10.2018 - 31.10.2019 жыл Ақсу ауданы "Қарашілік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маман-салық инспекторы.
01.11.2019 - 01.07.2020 Ақсу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бас маман - заңгері.
02.07.2020 –10.10.2021 персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы.
10.10.2021 - 24.11.2023 Ақсу ауданы әкімдігінің "Қарашілік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маман-іс жүргізуші.
27.11.2023 - бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы бөлімшесінің басшысы.