
Самойлова Альбина Мауткановна
Шемонаиха ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1971 жылы 11 шілдеде Шемонаиха қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1993 жылы Өскемен құрылыс - жол институтын, инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы «Қазақмыс» Корпорациясы» АҚ Николаевский кен шығару карьерінде техник-экономист болып бастаған. Атқарушы билік жүйесінде 1993 жылдан экономика және болжау бөлімінің экономисті, Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімінің меңгерушісі, «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік сатып алу, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2005 жылы қаңтардан Шемонаиха ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған.
Шемонаиха ауданы әкімінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі өкімімен Шемонаиха ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





