
Есқараев Әділбек Тайжанұлы
Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы
Өмірбаян
1972 жылдың 29 қазанында Қызылорда облысының Қармақшы ауданның Қызылтам жерінде дүниеге келген.1994 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудиторлық» мамандығы бойынша білім алып шықты. 2015 жылы Болашақ университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 01.07.1989-01.07.1990ж.ж аралығында, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қармақшы совхозының №1 бригада жұмысшы қызметін атқарды.
01.08.1994-12.12.1994ж.ж аралығында, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы қой совхозының орталық бухгалтериясында есепші қызметін атқарды.
14.12.1994-22.04.1996ж.ж аралығында, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы бойынша салық инспекция маман қызметін атқарды.
22.04.1996-08.06.1999ж.ж аралығында, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы бойынша салық инспекциясының есептеу және талдау жасау бөлімінің инспектор қызметіне тағайындалды. 08.06.1999-03.04.2000ж.ж аралығында, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы бойынша салық инспекциясының есептеу және талдау жасау бөлімінің бас салық маманы қызметіне тағайындалды. 03.04.2000-26.02.2001ж.ж аралығында, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінің есеп және хабарландыру бөлімінің бас салық маманы болып тағайындалды.
05.03.2001-15.06.2001ж.ж аралығында, Қызылорда облысының Қазынашылық басқармасының корреспонденттік қарым-қатынастар бөлімінің жетекші маман-жетекші-бас қазынашы болып тағайындалды.
15.06.2001-20.09.2001ж.ж аралығында, Қызылорда облысының Қазынашылық басқармасының жергілікті бюджетке қызмет көрсету бөлімінің бас маман- бас қазынашысы болып тағайындалды. 20.09.2001-17.07.2008ж.ж аралығында Қызылорда облысының Қазынашылық басқармасының Қармақшы ауданның қазынашылық бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
17.07.2008-26.03.2013ж.ж аралығында, Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығының орынбасары болып тағайындалды.
26.03.2013-31.12.2024ж.ж аралығында, Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшының орынбасары болып жұмыс атқарды.
2025 жылдың 5 қаңтар айынан бастап, Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды.





