
Дауешев Айдос Нұрланұлы
Жетісу облысы Cауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
Өмірбаян
Туған кезі: 22 сәуір 1989 жылы
Туған жері: Алматы облысы Талдықорған қаласында туған
Тілдерді білу: Қазақша, орысша тілде еркін сөйлейді, ағылшын тілі орташадан жоғары
Білімі: 2011 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «құқық» мамандығы (құқық бакалвры), Қазақ гуманитарлық Заң университетінің «құқық» мамандығын бітірген (құқық магистрі).
Қызметін 2012 жылдан Астана қаласында ҚР ҚОҚМ «ҚазҒЗИ» РМК экологялық жобалар басқармасының сарапшысы болып бастады.
Әр жылдары «Жасыл даму» АҚ қатты металл бойынша бөлімінің маманы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Халықаралық ынтымақтастық және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы болып істеді.
Мемлекеттік қызметте 2018 жылдан, ҚР Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді дайындау және сүйемелдеу басқармасының бас сарапшы, аталған комитеттің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы.
2020 жылдан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті Заң жұмысы басқармасы, Норма шығару қызметі, превенция және мемлекеттік сатып алу жұмысы басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың 11 шілдесінен ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы және аталған Комитеттің бақылау және үйлестіру басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2024 жылдың 22 қаңтарынан ҚР Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысының м.а С.Лидің № 157 бұйрығымен Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.




