
ҚАЗЫБАЕВ Марат ҚАСЫМҰЛЫ
Жаңақорған аудандық ветеринариялық станциясы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
Өмірбаян
Қазыбаев Марат Қасымұлы – 1964 жылы 28 шілде Қызылорда облысы Жаңақорған кентіде дүниеге келген. Ұлты Қазақ.
Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының ветеринария факультетін малдәрігері мамандығы бойынша бітірген.
1986-1988 жылдары Шалхия кентінде малдәрігер;
1988-1992 жылдары Жаңақорған ауданы «Задарья» совхозы бас малдәрігері;
1992-1993 жылдары Жаңақорған ауданының әкімшілігінің ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
1993-1999 жылдары Жаңақорған ауданының малдәрігерлік станциясының бас малдәрігері;
1999-1999 жылдары Жаңақорған ауданының аудандық бақылау бөлімінің бас маманы;
1999-2001 жылдары Жаңақорған ауданының малдәрігерлік станциясының басшысы;
2002-2003 жылдары «Ветеринар и К» ЖШС-нің директоры;
2003 жылдың 22 желтоқсаннан бастап Жаңақорған аудандық ветеринариялық станциясы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры қызметін атқарады.





