
БЕКХОЖАЕВ БЕКЖАН АНТАЙҰЛЫ
Шиелі аудандық ветеринариялық станциясы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
Өмірбаян
Бекхожаев Бекжан Әнтайұлы – 1967 жылы 11 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық округінде дүниеге келген.Ұлты қазақ.
1989 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының малдәрігері мамандығы бойынша бітірген.
1984-1985 жылдары Шиелі ауданының Коммунизм колхозында механизатор;
1985-1989 жылдары Шиелі ауданының Коммунизм колхозында құрылысшы;
1994-1996 жылдары Шиелі аудандық малдәрігерлік станциясының кіші малдәрігері;
1996-1997 жылдары Бекежанов ұжымшарының мүшесі;
1998-1998 жылдары Үлгүлі өндірістік кооперативінің мүшесі
1998-1999 жылдары Шиелі аудандық малдәрігерлік станциясының малдәрігері;
1999-2000 жылдары Керделі ауылдық округінің малдәрігері;
2000-2001 жылдары Керделі ауылдық округінің инспектор-малдәрігері;
2003-2008 жылдары РМҚК «РВЗ» Қызылорда облыстық филиалының Шиелі аудандық ветеринариялық зертханасының малдәрігер-ихтипотологы;
2008-2014 жылдары жылдары РМҚК «РВЗ» Қызылорда облыстық филиалының Шиелі аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі;
2014 жылы Шиелі аудандық ветеринариялық зертханасының ветеринариялық дәрігері;
2014 жылдың 17 қарашадан бастап Шиелі аудандық ветеринариялық станциясы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры қызметін атқарады.





