
Жумашов Калыбай Махамбетжанұлы
Арал аудандық ветеринариялық станциясы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
Өмірбаян
Қалыбай Махамбетжанұлы Жұмашов – 1967 жылы 11 мамырда Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
1994 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының ветеринария факультетін малдәрігері мамандығы бойынша, 2006 жылы Оңтүстік Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика мамандығы бойынша бітірген.
1995-2000 жылдары Арал қаласындағы Арал ұжымдық кәсіпорны, малдәрігері;
2000-2001 жылдары «Октябрь» ауылдық округі әкімшілігі, малдәрігерлік инспекторы;
2001-2002 жылдары Арал аудандық малдәрігерлік стансасы, малдәрігері;
2002-2003 жылдары «Маламан» ЖШС, малдәрігері;
2003-2010 жылдары Аралқұм ауылдық округінің әкімі;
2010-2017 жылдары Октябрь ауылдық округінің әкімі.
2017 жылдың 09 наурызынан бастап Арал аудандық ветеринариялық станциясы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарады.





