
Ұлдаханов Айдос Қамалұлы
Бас басқарма бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы
Өмірбаян
Бас басқарма бастығының орынбасары-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы, полковник Айдос Қамалұлы Ұлдаханов.
1979 жылы 26 қаңтарда Алматы облысы Кеген ауданы Тасашы ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Алматы қ. ҚР ҚК Әскери академиясына түсіп, 2000 жылы бітірді.
2000 жылдың тамызынан 2002 жылдың ақпанына дейін әскери-жол полиция бөлімінің жол-патрульдік қызметі бөлімшесінің бастығы және Семей гарнизоны Әскери полиция жасағының әскери жол полиция бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
2002 жылдың ақпанынан 2004 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Лингвистикалық орталығында оқыды, одан әрі Үндістан мен АҚШ-та оқыды.
2004 жылғы тамыздан 2005 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы әскери автомобиль полиция басқармасының әскери біліктілік комиссиясының аға инспекторы – төрағасы, кейін Семей өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағы әскери автомобильдік полиция бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
2008 жылғы наурыздан 2012 жылғы қарашаға дейін Әскери полиция мамандарын даярлау орталығында оқу бөлімінің аға оқытушысы және Орталық бастығының орынбасары (оқу жұмысы бойынша) – оқу бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
2012 жылдың қарашасынан 2017 жылдың ақпанына дейін Қапшағай және Сарыөзек гарнизондарының Әскери полиция бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
2017 жылдың ақпан айында Жасақ бастығының орынбасары – Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағы штабының бастығы болып тағайындалды.
2017 жылдың ақпанынан 2022 жылдың тамызына дейін ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары – қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарды.
2022 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.



